Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Президент Жолдауын талқылауға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Президент Жолдауын талқылауға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы аясында «Құқық шығармашылығын жетілдіру және халықты құқықтық ақпараттандырудың басым міндеттерін іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Аталмыш іс-шараны Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.

Өз сөзінде Динара Таженова Мемлекет басшысы 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен шешімдер» атты Жолдауында ел дамуының цифрландыру кезеңіндегі стратегиялық басымдықтарын айқындағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген құқық шығармашылығын жетілдіру және халықты құқықтық ақпараттандыру бағытындағы басым міндеттерді іске асыру барлық билік тармақтарының, құқық қорғау институттарының және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін талап ететіні атап өтілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екенін мәлімдеді.