Қазақстан ЕҚЫҰ отырысында негізгі бостандықтарды нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тәжірибесін таныстырды

Қазақстан ЕҚЫҰ отырысында негізгі бостандықтарды нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ) ұйымдастырған Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс негізгі бостандықтарға кепілдіктерді нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тақырыбына арналды.

Бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығына тоқталған Омбудсмен Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарлама тәртібі қолданыста екенін атап өтті. Биылдан бастап өңірлік атқарушы органдар объективті шектеулер болған жағдайда жиналыс өткізу орны мен уақыты бойынша баламалы нұсқаларды ұсыну тәжірибесін енгізді. Негізсіз бас тарту жағдайларында соттар мұндай шешімдерді заңсыз деп тануда.

«Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырудың маңызды көрсеткіші», – деді Артур Ластаев.

Сондай-ақ ҮЕҰ тіркеу рәсімі жеңілдетілді – енді ол үшін үш құрылтайшының болуы жеткілікті. Тіркелген ұйымдардың саны 23 мыңнан асты. Қазіргі уақытта олардың қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заң жобасы әзірленуде.

Бұдан бөлек, Уәкіл Қазақстан Конституциясы әркімге ар-намыс және дін бостандығына кепілдік беретінін еске салды. Елде 18 конфессияны біріктіретін шамамен 4 мың діни бірлестік жұмыс істейді.

«Қазақстан адам құқықтарының құқықтық негізі мен мәдениетін жүйелі түрде нығайтып, бостандықтарды әрбір азаматтың өмірінің нақты бөлігіне айналдыруда», — деп атап өтті Артур Ластаев.