Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

10 қазан күні Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес барысында Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметін жетілдіру және мониторингтік сапарлардың қорытындысы бойынша әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушыларының өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған кеңесші-консультативтік орган.