Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының әлемдік конституциялық құрылыс пен адам құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында құқықтық диалог өтті.
Аталмыш іс-шара мемлекеттік органдардың, Парламенттің, ғылыми қауымдастықтың, дипломатиялық корпус пен халықаралық сарапшылардың қатысуымен гибридті форматта өтті.
Диалогты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Абай атындағы ҚазҰПУ, Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Сорбонна-Қазақстан институты ұйымдастырды.
Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори Комиссияның демократияны, адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтудағы, сондай-ақ мемлекеттердің құқықтық жүйелерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге көмек көрсетудегі ерекше рөліне тоқталып өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тәжірибе алмасуды жалғастырудың, оқыту бағдарламаларын жүзеге асырудың және Венеция комиссиясымен әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Комиссиямен 1998 жылдан бастап бақылаушы ретінде, ал 2012 жылдан бері толыққанды мүше ретінде белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді.