Қазақстан мен Моңғолияның адам құқықтарын қорғау институттары ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Қазақстан мен Моңғолияның адам құқықтарын қорғау институттары ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Моңғолияның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясының Бас комиссары Дугар Сунджидпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің құқық қорғау институттарының қызмет бағыттарын талқылап, азаматтардың өтініштерін қарау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және құқықтық ағартуды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар ұлттық құқық қорғау тетіктерін институционалдық тұрғыдан нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Моңғолияның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, үздік тәжірибемен алмасуға және адам құқықтары саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Тараптар қол жеткізілген келісімдер болашақтағы өзара іс-қимылға берік негіз қалап, өңірде құқық қорғау мәдениетін нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.