Адам құқықтары орталығының өкілі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Адам құқықтары орталығының өкілі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органының «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» атты отырысына  қатысты.

Сондай-ақ аталмыш іс-шараға Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері мен азаматтық сектор қатысты.

Күн тәртібінде «Балалар және цифрлық орта», «Балалар, әйелдер, ерлер және қарттар – тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес» тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, адам құқықтары институтының баяндамасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекеттерге арналды. Онда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан негізгі қадамдар атап өтілді: ұрып-соғу және жеңіл дене жарақатын қылмыстық жауапкершілікке қайта енгізу, агрессорларға арналған психокоррекциялық бағдарламаларды енгізу, дағдарыс орталықтары мен отбасыны қолдау орталықтарының желісін кеңейту.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, проблемалық тақырыптарды талқылады.