Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысымен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысымен кездесті

2025 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен жұмыс кездесуін өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар құқық қорғау институтының дамуы, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың келешегі жөнінде пікір алмасты.

Кездесуде сотталғандардың құқықтарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Уәкіл бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуын және жағдайын мониторингтеу жөніндегі өз мандаты аясында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу конструктивті атмосферада өтті. Тараптар құқықтарды қорғау және заң үстемдігін ілгерілету саласында диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.