М. Жыланбаевтың денсаулық жағдайы туралы

М. Жыланбаевтың денсаулық жағдайы туралы

Құрметті достар!

Демалыста болуыма байланысты, туындаған объективті себептерге орай, бірнеше күн бұрын сотталған М. Жыланбаевқа қатысты басталған пиар-акцияны бірден бақылап үлгермедім.

Байланысқа шыққан сәттен бастап, заңмен көзделген құқықтарым шеңберінде дереу әрекет етіп, оның қазіргі уақытта жазасын өтеу жағдайына қатысты өзекті бейнежазбаларды сұраттым.

Бейнематериалдарды жеке қарап шығып, оның бұрынғыша жазасын өтеп жатқанын, серуенге шығатынын, туыстары мен адвокаттарымен кездесетінін, спортпен айналысып, кітап оқитынын көріп, көз жеткіздім. Ол медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында. Жалпы, оны ұстау шарттары қолданыстағы нормаларға сәйкес келеді. Заңнама талаптарына сәйкес, бейнематериалдарды жариялауға құқығым жоқ екенін атап өтемін.

Бұл сотталғанға мониторингтік сапарларды Омбудсмен өкілдері үнемі жүзеге асыратынын атап өту маңызды. Атап айтқанда, жыл басынан бері оны екі рет, соның ішінде бір айдан астам уақыт бұрын соңғы рет барып көрдік. Өткен жылы да осындай екі кездесу өткізілген. Жақын арада ол жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіне кезекті жоспарлы сапар жоспарланған.

Бұдан бөлек, біз облыстық денсаулық сақтау басқармасымен тұрақты байланыстамыз. Осыған байланысты, оның «ауыр халде екендігі», «салмағы 45 келіге дейін түсіп, ес-түссіз күйде жатқаны» туралы айтылып жатқан ақпараттардың ешқандай объективті негізі жоқ және олар расталмайды.

Сонымен қатар, өздерін адам құқықтарын қорғаушы етіп көрсететін кейбір азаматтардың түзеу мекемелеріне бірде-бір рет барып көрместен, қоғамды әдейі жалған ақпаратпен адастырып отырғанын атап өткім келеді.

Азаматтың, оның ішінде жазасын өтеп жатқан адамның, денсаулығы сияқты маңызды мәселелерде хайп – бұл тек заңға қайшы әрекет қана емес, сонымен бірге М. Жыланбаевтың туыстары мен жақындарына қатысты адамгершілікке жат қадам деп санаймын. Баршаңызды осы мәселеде сабырлы әрі жауапты болуға шақырамын.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев