Омбудсмен Ақтөбе облысындағы №8 түзету мекемесіне барды

Омбудсмен Ақтөбе облысындағы №8 түзету мекемесіне барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласында орналасқан орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №8 түзету мекемесіне барды.
Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың тамақтануы, тұрмыстық жағдайы және медициналық қызмет сапасымен танысты.

Сондай-ақ, Артур Ластаев мекеме аумағында жұмыс істейтін өндіріс орындарын аралады. Атап айтқанда, бұл кәсіпорындар балық өнімдерін қайта өңдеу және темірбетон бұйымдарын дайындаумен айналысады.
Бүгінде бұл жерде 18 өндіріс ошағы құрылып, онда 215 сотталған азамат жұмыс істейді.

Бұл сапар аясында Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады. Сонымен қатар, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың мекемедегі жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар берді.