Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдері Атырау қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, оның қызметімен танысты.
Сапар барысында мекеменің тұрмыстық және медициналық бөлімдері араланып, ғимараттың қолжетімділігі мен техникалық жабдықталу деңгейі бағаланды. Сонымен қатар, Омбудсмен орталықта тұрып жатқан қызмет алушыларды жеке қабылдады.
Бұл мекеме 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Атырау облысында тұратын, 15 жастан асқан І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға кешенді көмек көрсетеді.
Орталықтың басты міндеті – қызмет алушылардың жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге, оларды күнделікті өмірге бейімдеуге бағытталған оңалту және қалпына келтіру ем-шараларын ұйымдастыру.