Адам құқықтары институтының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталығының жұмысымен танысты.
Сапардың басты мақсаты – қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын, тұрмыс жағдайларын және көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау, мониторинг жүргізу.
«Ақжайық» орталығы — жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асатын өңірдегі ең ірі бейінді мекеме. Мұнда әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, мәдени және басқа да 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Орталықта дәрігерлер, медбикелер, логопедтер, дефектологтар, психологтар, еңбек терапиясы нұсқаушылары және басқа да бейінді мамандар жұмыс істейді.
Бұл сапар аясында қызмет алушылармен және қызметкерлермен жеке кездесулер де өтті.