Бұл құжат қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіруге, сотталған адамдардың құқықтарына қатысты кепілдіктерді күшейтуге және ұлттық тәжірибені халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Баяндамада БҰҰ мен Еуропа Кеңесінің ұсынымдарына, халықаралық және өңірлік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдік тәжірибеге жан-жақты талдау жасалған.
Бұл баяндамада бостандық, әділ сот төрелігі, ізгі қарым-қатынас, ар-намысты қорғау, үміттену және оңалту сияқты адамның негізгі құқықтарына ерекше көңіл бөлінген.
Баяндаманың негізгі бөлімдеріне мыналар кіреді:
- Қазақстан заңнамасының жазаны орындау саласында халықаралық стандарттарға сәйкестігіне талдау жасау;
- Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдеріндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру практикасына шолу;
- Уәкілдің сапарларын қоса отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне мониторинг жүргізу;
- Халықтың шартты түрде босату және жазаны жеңілдету тетіктеріне көзқарасы жөніндегі социологиялық зерттеулер нәтижелері;
- Сот шешімдерінің статистикасы мен құқық қорғау органдарының деректері;
- Әйелдер, кәмелетке толмағандар және өзге де осал топтардың құқығына ерекше назар аудару.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев атап өткендей, баяндаманың ұсынымдарын іске асыру жазаны орындаудың заманауи әрі ізгі моделін құруға, қылмыстық сот төрелігі жүйесіне деген сенімді нығайтуға және Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға септігін тигізеді.
Баяндама Конституциялық заңға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесіне қарау нәтижелері туралы үш ай ішінде хабарлауға міндетті салалық мемлекеттік органдарға жолданды.