Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Наталья Қожабекова «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара еңбек құқықтарын қорғау, кемсітушіліктің алдын алу және корпоративтік ортада құқықтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында қызметкерлердің құқықтарын сақтау, тең еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғау және өндірістегі гендерлік теңсіздікті еңсеру сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну механизміне, сондай-ақ корпоративтік омбудсмендермен өзара әрекеттесу тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Наталья Қожабекова қолданыстағы заңнама мен еңбек құқықтарын қорғау рәсімдері бойынша түсініктеме беріп, сұрақ-жауап форматында интерактивті сессия өткізді.
Іс-шара аясында «Инкай» БК ЖШС корпоративтік омбудсменінің қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ішкі тетіктер мен іскерлік этика мәселелеріне арналған баяндамасы таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ омбудсмендер институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат азаматтарды бірлесіп қабылдау, азаматтарға кеңес беру, оларға семинарлар өткізу, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына байланысты өтініштер бойынша жұмыс жүргізуді көздейді.