Омбудсмен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Өңірлік өкілімен кездесу өткізді

Омбудсмен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Өңірлік өкілімен кездесу өткізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Өңірлік өкілі Матильда Богнерді қабылдады.

Жұмыс кездесуі барысында институционалдық әлеуетін бағалау қорытындылары бойынша әзірленген бірқатар ұсынымдар іске асырылғаннан кейін болған өзгерістерді қоса алғанда, ҚР Уәкіл институтын дамытудың негізгі бағыттары ұсынылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жекелеген аспектілері талқыланды.

Тараптар ағымдағы құқық қорғау күн тәртібі бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара ынтымақтастығын мүдделі екенін растады.