Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізді. Кеңесте Құқық қорғау институтының 2025–2027 жылдарға арналған даму стратегиясының жобасы мен Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру мәселелері жөніндегі Омбудсменнің арнаулы баяндамасының жобасы талқыланды.
Сараптамалық кеңестің жауапты хатшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Мейрам Аюбаев баяндама жасап, қатысушыларды стратегиялық құжаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ Арнаулы баяндаманың жобасындағы тезистермен таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған құжаттарды одан әрі пысықтауға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңес – консультативтік-талдамалық функцияларды орындайтын кеңесші орган болып табылады. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Кеңестің негізгі міндеттері – ашық және сындарлы диалогты дамыту, сондай-ақ адамның мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.