Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқара отырып, қоғамдық пікір қалыптастырып, ұлтты біріктіруге зор ықпал етуде.

Сіздер отандық журналистиканың даңқты дәстүрлерін жалғастырып, оның бай мұрасын сақтап қана қоймай, жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерін енгізіп келесіздер.

Сіздер күн сайын азаматтарға шынайы әрі жедел ақпарат ұсыну жолында аянбай еңбек етесіздер, оқиғаларды жариялап, өзекті мәселелерді көтеріп жүрсіздер. Бұл жұмыс кәсібилікті және жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық қасиеттерді, адалдық пен объективтілікті талап етеді.

Сіздер қоғамның дамуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жалпыхалықтық құндылықтарды ілгерілетуге елеулі үлес қосып келесіздер.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және кәсіби жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев!