Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырысқа сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) өңірлік топтарының жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында 2025 жылға арналған алдын алу сапарларының қорытындысы бойынша ҰАТ қатысушыларының Шоғырландырылған баяндамасын әзірлеу мәселелері, сондай-ақ 10 жыл ішінде мемлекеттік органдар тарапынан баяндамаларда көрсетілген ұсынымдардың орындалуына жүргізілген талдау қаралды.
Жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамада уәкілетті мемлекеттік органдарға азаптаудың және өзге де қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қамтылады.
Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар алдын алу сапарлары туралы есептерді цифрландыру мәселелерін де қарастырып, ҰАТ-тың ақпараттық жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – адам құқықтарын қорғау ісіндегі күш-жігерді үйлестіру мақсатында құқық қорғау ұйымдарының, азаматтық белсенділер мен сарапшылардың басын біріктіретін құрылым