Жыл басынан бері Қазақстанда 46 мыңнан астам тұрмыстық агрессор жауапкершілікке тартылды – Омбудсмен

Жыл басынан бері Қазақстанда 46 мыңнан астам тұрмыстық агрессор жауапкершілікке тартылды – Омбудсмен

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталғанбірқатар шараларқұқық бұзушылардыжазалау, қорғану ұйғарымдарын енгізу, жеделжелі қызметібелсенді түрде іске асырылуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-сессиясы аясында ұйымдастырылған сайд-ивент барысында мәлімдеді.

2025 жылдың алғашқы бес айында құқық бұзушылық жасаған 46 283 адам жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық.

Өткен жылы жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу әрекеттері қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы адам өлтіру фактілері 34%-ғатөмендеді. Сол кезеңде барлық адам өлтіру қылмыстарының жалпы саны тек 13%-ға азайған.

Бұл отбасылық ортада жасалатын адам өлтіру қылмыстарының саны еліміздегі жалпы адам өлтіру көрсеткішіне қарағанда үш есе жылдам азайып жатқанын білдіреді.

Отбасындағы ауыр дене жарақатын келтіру қылмыстары да 30%-ға жуық қысқарды, ал бұл қылмыстардың жалпы саны 15%-ға төмендеді.

Сол сияқты үрдіс орташа ауырлықтағы денежарақатына қатысты да байқалады: бұлсанаттағы қылмыстар ел бойынша 10%-ға, ал отбасылық қатынастар аясында 33%-ғаазайған.

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдыналуға бағытталған шаралардың тиімділігінсенім телефоны арқылы тіркелетін өтініштерсаны да дәлелдейді. Қазақстанда 2023 жылданбастап «111» Бірыңғай жедел желісі жұмысістейді, онда азаматтар тәулік бойыпсихологиялық және құқықтық көмек ала алады.

Жедел желіге келіп түсетін қоңыраулар мен өтініштер саны артып келеді: 2023 жылы – 316, 2024 жылы – 1 302, 2025 жылдың алғашқы 5 айында – 1 459. Бұл көрсеткіштер халықтың хабардарлығының артқанын және қолдаужүйесіне деген сенімнің өскенін көрсетеді.