Омбудсмен институты мен Еуропа Кеңесінің бірлескен тренингі: шағымдарды қарау дағдыларын жетілдіру

Омбудсмен институты мен Еуропа Кеңесінің бірлескен тренингі: шағымдарды қарау дағдыларын жетілдіру

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен Еуропа Кеңесі құқық қорғау институтының әлеуетін арттыруға бағытталған жоба аясында Уәкіл аппараты мен оның өңірлік өкілдері үшін тренинг өткізді.

Екі күндік оқыту іс-шарасы өтініштерді қарау бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге және тиімді тәсілдерді енгізуге бағытталды. Қатысушылар адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды талдап, өтініштерді қараудың ұлттық және халықаралық тетіктеріндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, сондай-ақ тәжірибеден алынған нақты мысалдарды талқылады.

Бағдарлама аясында шағымдармен жұмыс істеудің негізгі аспектілері қарастырылды: құқық түрлері мен өтініш берушілер санаттары бойынша жіктеу, өтініштердің қабылдауға жарамдылығын бағалау, құқықтық талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу. Сондай-ақ рәсімдердің қолжетімділігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударылды.

Бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі – шағымды адам құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы ретінде қарастыру болды. Қатысушылар өтініштермен сапалы жұмыс істеудің бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға және адам құқықтарына құрмет мәдениетін қалыптастыруға қалай ықпал ететінін талқылады.

Тренинг құқық қорғау институтының жұмысын нығайту және оның құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.