Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тергеу органдарының әрекеттеріне шағымданған азаматты жеке қабылдады.
Қабылдау барысында Омбудсмен өтініш иесін мұқият тыңдап, ұсынылған материалдармен танысты және көтерілген мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Кездесу нәтижесінде өтініш қарауға қабылданып, бақылауға алынды.
Азаматтарды қабылдау – Уәкіл институты қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Әсіресе, тергеу және іс жүргізу әрекеттері кезінде құқықтардың сақталуына қатысты өтініштерге ерекше назар аударылады, өйткені мұндай жағдайлар қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімін айқын көрсетеді.
2025 жылдың бес айында барлығы 1 365 жеке қабылдау өткізілді. Соның ішінде 108-ін Уәкіл жүргізді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 2 еседен астам. Өңірлік өкілдіктер 1 257 азаматты қабылдады. Ең жиі көтерілетін мәселелер – сот актілерімен келіспеу және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы проблемалар.
Әрбір өтінішпен жұмыс жекелей жүргізіледі, бұл ретте объективтілік, бейтараптық және құқық үстемдігі қағидаттары басшылыққа алынады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштерді қабылдап, құқықтардың ықтимал бұзылуына қатысты сигналдарға жедел әрекет етуді жалғастыруда.