Астана халықаралық форумы шеңберінде өткен Еуропа Кеңесінің сайд-ивентінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының өкілі сөз сөйледі.
Омбудсмен кеңсесінің өкілі өз сөзінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының Еуропа Кеңесімен қазіргі ынтымақтастығына тоқталып, бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалардың құқық қорғау әлеуетін нығайту және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ілгерілету тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары, атап айтқанда институционалдық тұрақтылықты арттыру және ағарту жұмысын кеңейту мәселелері сөз болды.
Іс-шара құқық қорғау саласындағы ұлттық институттар мен халықаралық ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты тереңдетуге және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.