«Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы
20 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрық жобасында (бұдан-әрі – Бұйрық жобасы) Шағымдарды қарау қағидаларының жаңа редакциясы көзделеді, ол келіп түскен шағымдарды қабылдау, тіркеу және оларды қабылдаудан бас тарту тәртібін, сондай-ақ шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шараларды, оның ішінде мемлекеттік органдарға жіберілген ұсынымдардың орындалу мониторингін нақтылайды.
Бұйрықтың жобасы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды қарау рәсімін жетілдіру, оны барынша тиімділікке қол жеткізу үшін жақсарту және нақтылау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 14) тармақшасында белгіленген құзырет шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін мына сілтеме бойынша орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=4653587&type=2.