Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  көшпелі отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына Адам құқықтарын қорғау институтының өкілдері қатысты.

Іс-шара Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Имашева Снежанна Валерьевнаның жетекшілігімен өтті.

Отырысқа ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Қайырбеков А.С., Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова А.Б., Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Аршалы ауданы әкімдігі мен мәслихатының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бар проблемаларды талдай отырып, пенитенциарлық жүйені реформалау және оны жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мәселесі қаралды.

Талқылау пенитенциарлық жүйені реформалаудың өзектілігін растады. Ұсынылған шаралар қамауда отырғандар санын қысқартуға, ұстау жағдайларын гуманизациялауға, қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге және қылмыстық жазаларды орындау мен әділ сот төрелігі жүйесін тиімді іске асыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Жиында айтылған ұсынымдар қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жұмысына негіз болмақ.