
Артур Ластаев 1983 жылы 28 тамызда Алматыда дүниеге келген.
2005 жылы Алматы қаласындағы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (халықаралық құқық) үздік бітірді. Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған (2007). 2015 жылы АҚШ-тағы Виргин университетінде (сертификат) қылмыстық әділет төрелігі бойынша магистрлік бағдарламаларын меңгерген және ФБР Ұлттық академиясында (диплом) тәлім алған. 2018 жылы Швейцариядағы Женева университетінде «Қарулы қақтығыстардағы халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистр дипломын алған.
Қызметті 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады, 2008 жылы Алматы қаласы Прокуратурасы басқармасының аға көмекшісі және прокуроры лауазымдарына тағайындалды.
2010 жылдан бастап бес жылдан астам уақыт Бас прокуратурада жұмыс істеді, онда 2012 жылдан бастап 2016 жылдың басына дейін әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің қаржы заңнамасының сақталуын қадағалау бөлімін басқарды.
2016-2018 жылдар аралығында Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Бас прокуратураның ресми өкілі/миссия кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылы Бас прокуратураның Швейцариядағы ресми өкілі/елшіліктің кеңесшісі болып тағайындалды, Берн қаласы.
2022 жылы Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметін басқарды.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Парасат» орденімен, сондай-ақ әртүрлі медальдармен және басқа ынталандырулармен марапатталған.
2022 жылғы 29 желтоқсанда Сенат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлады.