40 жаңа сарапшы алғаш рет Ұлттық алдын алу тетігінің мандатын иеленді

40 жаңа сарапшы алғаш рет Ұлттық алдын алу тетігінің мандатын иеленді

2025 жылға арналған Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) мүшелеріне арналған вебинарлар сериясы басталды. Бұл іс-шаралардың мақсаты – жаңа қатысушыларды арнайы мекемелерге тиімді түрде бару, олардың жағдайын бақылау және нәтижесі бойынша толыққанды есептер жасау дағдыларына үйрету.

2024 жылдың желтоқсанында ҰАТ құрамына 105 қатысушы таңдалып, олардың 40-ы алғаш рет мандатқа ие болды. Алғашқы оқыту сессиясын Үйлестіру кеңесінің мүшесі, белгілі заңгер және құқық қорғаушы Айман Умарова өткізді. Іс-шараны Үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер жүргізді. Оқытуға 63 НПМ өкілі, соның ішінде 40 жаңа сарапшы қатысты.

«Бостандығынан айырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ерекшеліктері» тақырыбындағы тренинг барысында Айман Умарова сотталғандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық нормаларды жан-жақты түсіндірді. Талқылау барысында қатысушылар шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңіл түріне ауыстыру, соттылықты жою және басқа да маңызды құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

Сонымен қатар, іс-шарада бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарын сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу, азаптау, зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол бермеу, денсаулық сақтау, білікті медициналық және заңгерлік көмекті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) — бұл арнайы мекемелерге тұрақты түрде барып, азаптау мен басқа да адамшылыққа жат, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастың алдын алуға бағытталған тәуелсіз құрылым.