Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы халықаралық бастамаларды белсенді қолдайды. Пекиндік іс-қимылдар платформасы мен әйелдерге қатысты барлық нысандардағы кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ Конвенциясы — гендерлік теңдік қағидаттарына адалдықты растайтын негізгі құжаттардың қатарында.
🌍 2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан алғаш рет CEDAW Комитетінің құрамында болды, бұл Орталық Азия үшін халықаралық құқық қорғау процестерінде маңызды қадам болды.
⚖️ Қазақстанда заңнамалық деңгейде әйелдер мен ерлердің құқықтарын теңестіру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2024 жылғы 16 маусымнан бастап әйелдер мен балаларды қорғауды күшейтетін заң күшіне енді, ол зорлық-зомбылық үшін қатаң жазаны және отбасы институтын нығайту шараларын қамтиды.
💼 Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер әйелдерге арнайы әлеуметтік қызметтер мен өтемақы алу мүмкіндігін ұсынды. Полицияда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тергеу үшін арнайы тергеу топтары құрылды, олардың құрамында 260-тан астам әйел-тергеуші бар.
🆘 Барлық ел бойынша дағдарыс орталықтарында 2024 жылы 5,5 мың әйел, оның ішінде 3,7 мың әйел балалары мен бірге көмек алды.
📑 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы баяндама дайындады, онда қазіргі жағдай мен мемлекеттік саясатты жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылған.
👥 2024 жылы әйелдердің құқықтары бұзылуы туралы өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл өтініштердің көбі отбасындағы зорлық-зомбылық, мүліктік даулар және алименттік міндеттемелермен байланысты болды.
Қазақстан әйелдер мен қыздар үшін қауіпсіз және тең құқылы орта жасау, стереотиптерді жеңу және гендерлік кемсітушілікті жою бойынша жұмыстарын жалғастыруда.