
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ұлытауоблысына жұмыс сапары аясында Жезқазған қаласындағыаралас қауіпсіздік режиміндегі, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарұсталатын № 62 мекемеге барды.
Мекемеге бару барысында Омбудсмен сотталғандардыңқұқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіп, олардыңтұрмыс жағдайымен, тамақтануымен, медициналық қызметкөрсету және бос уақытты ұйымдастыру мәселелеріментанысты.
Артур Ластаев сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарғаарналған жабдықталған камераларды қарап шықты.
Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды жекеқабылдады.
Бару қорытындысы бойынша Артур Ластаев мекемеәкімшілігіне сотталғандарды ұстау жағдайларынхалықаралық жазаны өтеу қағидаларына сәйкестендіругебағытталған ұсынымдар берді.