Артур Ластаев ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты

Артур Ластаев ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының VI отырысына қатысты.

2026 жыл ТМД аясында Денсаулықты қорғау жылы болып жариялануына байланысты, Уәкіл өз сөзінде Қазақстанда денсаулықты қорғау жөніндегі іргелі құқықтың іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісті.

Әркімнің қол жеткізуге болатын ең жоғары дене және психикалық деңгейдегі денсаулық құқығы халықаралық стандарттармен бекітілген. Бұл құқық лайықты өмір сүру деңгейіне деген неғұрлым ауқымды құқықтың ажырамас бөлігі болып табылады және өмір сүру, әлеуметтік қамсыздандыру, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қолайлы қоршаған орта құқықтарымен тығыз байланысты.

Омбудсмен медициналық көмекке деген құқықты қамтамасыз етудің маңызды элементі денсаулық сақтау саласында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру, медициналық инфрақұрылымды дамыту, білікті медициналық кадрларды даярлау және заманауи медициналық технологияларды енгізу болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан үшін азаматтардың медициналық көмекке құқықтарын қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Артур Ластаев Комиссия отырысында 6–10 сәуір аралығында өтетін «ТМД-дағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясына дайындық барысы туралы хабардар етті.