Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар саласындағы саясат әрбір адам өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін іске асыра алатын жағдайлар жасауға бағдарланған.

Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар саласындағы саясат әрбір адам өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін іске асыра алатын жағдайлар жасауға бағдарланған.

Қазақстан Республикасында азаматтық және саяси құқықтар саласындағы мемлекеттік саясат әрбір адамның өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл саясаттың негізін Конституция мен қолданыстағы заңнаманың ережелері құрайды, олар адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, заң алдында баршаның теңдігін және кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуді бекітеді.

Мемлекеттік органдар ашық әрі есеп беретін басқару жүйесін қалыптастыруға, пікір мен сенім білдіру бостандығының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың бірлесу және қоғамдық өмірге қатысу құқықтарын қолдауға басымдық береді. Осы бағытта сот тәжірибесін жетілдіру, құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын кеңейтуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды дәйекті түрде сақтауға ерекше назар аударылады.