7 қазан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Францияның Адам құқықтары жөніндегі елшісі Изабель Роммен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің жұмысын талқылап, азаматтардың өтініштерін қарау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, құқықтық ағартуды дамыту, сондай-ақ азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу шаралары бойынша тәжірибе алмасты.
Артур Ластаев пен Изабель Ром қол жеткізілген келісімдер өзара ынтымақтастыққа берік негіз болады және құқық қорғау мәдениетін нығайтуға үлкен үлес қосады деп сенім білдірді.