2025 жылдың 15 мамырында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышевтің бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы» тақырыбында ZOOM-видеоконференция платформасы арқылы 130-дан астам мектептің 3500-ге жуық (10-сынып) оқушыларына бірыңғай құқық сабағы өткізілді.
Бірыңғай құқық сабағының мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы ескерту, олардың жаз мезгілінде құқық бұзушылық жасауын және қадағалаусыз жүрулерін болдырмау, заманауи синтетикалық есірткі заттарын тұтынудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Л.Кзылкулова, Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі А.Сухарев, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ Ұйымдастыру және жастар бастамасын қолдау секторының меңгерушісі Ұ.Каленова, шараға білім бөлімдерінің жауапты мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі және құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.