Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйегіндегі Жолдауынан туындаған «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаты аясында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Меркі ауданының тұрғындарымен өткізілген кездесуге қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — қоғамда заңдардың орындалуы және тәртіптің сақталуының маңыздылығын талқылап, құқықтық мәдениетті арттыру жолдарын іздеу.
Кездесудің модераторы - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы.
Кездесуге Жамбыл облысы полиция Департаменті бастығының орынбасары Жанаев Бауыржан Даулетханұлы, Меркі ауданының әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы, құқық қорғау органдары өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі сала мамандары мен белсенді жастар қатысып, спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде Өкіл қатысушыларға ҚР БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, оның маңызы мен міндетіне тоқталып, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар және “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.