Өкіл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" басшыларымен кездесті

Өкіл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" басшыларымен кездесті

2025 жылдың 14 мамырында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар мен тәрбиелік жұмыстар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Еліміздің Ата заңы Конституцияның 27 бабына сәйкес Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында. Балаларына қамқорлық жасау, оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы
Сондай –ақ Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы айта кетті.