2025 жылдың 14 мамырында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында білім беру жүйесінің сапасын арттыру мен алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, педагогтардың біліктілігін арттыру, жас мамандарын жұмысқа тарту, білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын дамыту, жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу мәселелері, кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылықтың, жасөспірімдер арасындағы суицид, қылмыстық фактілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.
Сондай –ақ Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы айта кетті.