Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың жер мәселесі, әлеуметтік көмек көрсету, еңбек және тұрғын үй құқықтары бойынша уәждері тыңдалды.

Қабылдау шеңберінде өтініш білдірген азаматтарға өз мәселелерін шешудің ықтимал жолдары бойынша 2 азаматқа тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар беріліп, 3 азаматтың жазбаша арызы қабылданды.

Еске сала кетейік, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы жұмыс күндерінде сағат 10:00-17:00 дейін Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 18 мекенжайы бойынша жүргізіледі.