Өкіл Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

Өкіл Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау  жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысының ҚХА медиаторы,  Жамбыл облысының әкімдігі  білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаевамен бірлесе Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау  жүргізді.

Кездесуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп директорларының құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары, учаскелік полиция инспекторы және ауыл тұрғандары қатысты.

Ғайни Ақылбекқызы "Медиация институтутын ілгерілетудегі ҮЕҰ мен қоғамдық  ұйымдардың  рөлі " тақырыбында баяндама жасады.

Өз кезегінде Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.