Өкіл Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

Өкіл Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

2025 жылдың 25 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысының ҚХА медиаторы, Жамбыл облысының әкімдігі білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаевамен бірлесе Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді.

Кездесудің модераторы - Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы.

Кездесуге аудан әкімшілігі, ауыл және ауылдық округ мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп директорларының құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.