ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың жер мәселесі, әлеуметтік көмек көрсету, еңбек және тұрғын үй құқықтары бойынша уәждері тыңдалды.
Қабылдау шеңберінде өтініш білдірген азаматтарға өз мәселелерін шешудің ықтимал жолдары бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.
Азаматтарды қабылдау - істің мән-жайлары туралы жеке айтуға, адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өз көзқарастарымен бөлісуге, қажетті түсініктемелер мен кеңестер алуға мүмкіндік береді. Сол себепті азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде өткізіледі.