2025 жылдың 23 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев ҚАЖ Департаментінің №59 мекемесінде сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Жеке қабылдау барысында сотталғандар мекемедегі медициналық қызмет көрсету сапасы мен ұстау жағдайлары, сондай-ақ мекеме әкімшілігі арқылы мемлекеттік органдарға берілген өтініштерді қарауға байланысты бірнеше мәселелермен жүгінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша сотталғандарға тиісті түсіндірмелер мен мен ұсыныстар берілді.
Сотталғандардың құқықтарын қорғау және азаптаулардың және ар - намысты қорлайтын басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу- ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі қызметінің басым бағыттарының бірі.