2025 жылдың 22 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышевпен өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді.
Сараптамалық кеңес - ерікті негізде жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық функциялары бар консультативтік-кеңесші орган.
Отырыс барысында кеңес мүшелері мүгедектігі бар студенттердің күнделікті өмірінде және білім алу процесінде кездесетін бірқатар мәселелер, инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері талқылады.