Өкіл Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

Өкіл Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

2025 жылдың 17 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді.


Кездесудің модераторы - Мойынқұм ауданы әкімі Карентаев Ермек Амангельдиевич.

Кездесуге Мойынқұм ауданының прокуроры Талғат Қыдыралиұлы Оспанов, Мойынқұм аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Үсен Атағұлұлы Айнақұлов, құқық қорғау органдары өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, сала мамандары мен белсенді жастар қатысып, спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.