Өкіл «Тараз-Ғасыр» колледжінің» студенттері және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Өкіл «Тараз-Ғасыр» колледжінің» студенттері және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Тараз-Ғасыр» колледжінің» студенттері және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен  халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз кезегінде колледж директоры Ғазизжан Жаксыгулович Мадимаров  студенттерге берілген ақпараттар үшін алғысын білдіріп, оны қажетті және пайдалы екендігін атап өтті.