Омбудсмен өкілі «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ оқушыларымен кездесу өткізді.

Омбудсмен өкілі «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ оқушыларымен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 11 наурызында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен  халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға неше жасынан бастап қылмыстық жауаптылық қолданылатындығы, тағайындалатын жаза түрлері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ескерілетін, жеңiлдететiн жағдайлар, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайлары түсіндірілді.