
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Өкіл зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалардың болу жағдайларымен, сондай-ақ көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қызметтермен танысты.
Орталықтың тұрмыстық және материалдық қамтамасыз етілуіне, тамақтандыруды ұйымдастыруына, санитарлық-гигиеналық жағдайларына, сондай-ақ зардап шеккендерге құқықтық көмек пен оңалтудың қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері, ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл тек адам құқығын бұзу ғана емес, сонымен қатар отбасы институтының дамуына кедергі келтіретін және қоғамдық құндылықтарды бұзатын құбылыс екеніне тоқталып, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілгенін, және қоғамда кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.