
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Жамбыл индустриалды - технологиялық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері, ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға неше жасынан бастап қылмыстық жауаптылық қолданылатындығы, тағайындалатын жаза түрлері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ескерілетін, жеңiлдететiн жағдайлар, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайлары, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті.
Шара соңында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарға толыққанды жауап алды.