Өкіл «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізді.

Өкіл «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті.