Өкіл «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

Өкіл «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, оның ішінде еңбек ету бостандығына, тынығу және еңбек ету жағдайына қатысты құқықтар, еңбек заңнамасы, сондай-ақ “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері туралы ақпараттармен бөлісті.