Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде жылдан-жылға құқықтық реформаны күшейтіп, адам құқықтарының бұлжымастығы мен мемлекет тарапынан кепілдігін нығайтып келеді.
2024 жылы Уәкіл кеңсесі өз қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткіміз келеді: өтініштер саны айтарлықтай өсті, бұл тұрғындар тарапынан сенімнің артқанын көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында Уәкіл кеңсесіне 6748 өтініш түсті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 16,8%-ға артық. Өтініштер санының артуы азаматтардың Омбудсменді өз құқықтарын қорғаудың нақты тетігі ретінде қарайтынын көрсетеді.
2024 жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігіне 211 арыз-шағым түсті. Өкілдікпен өтініштерді қарау барысында мемлекеттік органдарға 197 сұраныс хат және 37 өтінішхаттар мен ұсынымдар жолданды.
Нәтижесінде 7 тұлға тәртіптік, 1 тұлға әкімшілік жазаға тартылса, 1 тұлғаға қылмыстық іс қозғалды. 53 шағым қанағаттандырылды, 148 өтінішке тиісті түсіндірмелер берілді, 7-і құзырлы органдарға жолданды.
2024 жылдың 12 айында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі тарапынан 287 адам жеке қабылданды. Жеке қабылдауда болғандардың 79-ы ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп отырған сотталғандар, 38-і қамауда отырған күдіктілер.
Уәкіл жұмысының тағы бір маңызды бөлігі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған алдын ала баруға жататын ұйымдар мен мекемелерге бару арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы, 2024 жылы Уәкіл мен оның өкілдері 770 мекемені, оның ішінде қылмыстық-атқару мекемелерін, әлеуметтік нысандарды және білім беру ұйымдарын аралады. Барулар нәтижесінде 1014 ұсыным беріліп, оның 81 пайызы орындалды. Бұл мемлекеттік органдармен сындарлы өзара әрекеттестік пен олардың жауапкершілігінің артқанын көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі тарапынан 45 мекемелерге алдын ала бару жүзеге асырылды. Оның ішінде 4-уі Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмыс тобымен, 10-ы Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік қатысушылар тобымен бірлесе жүргізілді.
Алдын ала бару нәтижелері бойынша адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін қабылдануы тиіс шараларға қатысты Өкілдік тарапынан 129 ұсынымдар жолданды. Берілген ұсынымдардың қазіргі таңда 88-і орындалып, мекемелердің 11 қызметкері тәртіптік жауапкершіліке, 2 қызметкеткері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.