2024 жылдың 2 шілде күні «Қазастанның бала саудасына қарсы іс-қимыл» жобасы аясында ҚРАдам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және «Қоғамдық ұстаным» қоғамдық бірлестігінің басшысы Светлана Көшелекова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленуші жастармен кездесуөткізді.
Омбудсмен өкілі Берікбол Ұзақұлықатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексініңталаптарына сәйкес адам саудасына қатысты қылмыстардың түрлері мен аталған қылмыстарға тағайындалатын жаза түрлері түсіндірілді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес туралы» Заң жобасы және облыстатіркелген адам саудасына қатысты қылмыстар туралы ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, «Қоғамдық ұстаным» қоғамдық бірлестігінің басшысы Светлана Каиргельдиевна тыңдаушыларға адам саудасының, оның ішінде бала саудасына қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибелерімен және адам саудасымен айналысатын қылмыскерлердің құрбаны болғанлардың кейстерімен таныстырды.
Шара соңында қатысушыларға адам саудасы жөнінде білуі қажетті ақпараттар бар Жадынамалар таратылды.