Президенттің «Адал Азамат» бағдарламалары аясында «Тараз темір жол көлік және коммуникация» колледжінің студенттерімен кездесу

Президенттің «Адал Азамат» бағдарламалары аясында  «Тараз темір жол көлік және коммуникация» колледжінің студенттерімен кездесу

2024 жылдың 23 мамыр күні Президенттің «Адал Азамат» тұжырымдамасына сәйкес құқықтық ағарту бағдарламалары аясында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев, «Елу жылда - ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шарапат Сүйімқұл, Тараз қалалық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға-инспекторы полиция майоры Мусаева Анар Бекзатқызы және Жамбыл облысы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығы психологы Усербаева Айгерім Талғатқызы «Құқықтық ағарту және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында «Тараз темір жол көлік және коммуникация» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Өкіл Берікбол Ұзақұлы қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға неше жасынан бастап қылмыстық жауаптылық қолданылатындығы, тағайындалатын жаза түрлері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ескерілетін, жеңiлдететiн жағдайлар, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайлары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, Спикерлер Президенттің «Адал Азамат» тұжырымдамасымен таныстырып, студенттерді қоғамға адал қызмет етуге, адал жолмен табыс табуға, адал азамат болуға шақырды.

2024 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында, “Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды” деп айтқан болатын.